Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Самат Смақовтың баласы "Қайрат" сапында керемет гол соқты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.05.2025, 15:42

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы — 16 жастағы Аламгир Смақов QJ League турниріндегі кезекті ойында алыстан керемет гол соғып, жанкүйерлерді таңғалдырды.

instagram/@mithatcanews
Реклама
Реклама

Аламгирден әсерлі гол

“Қайрат U18 командасы мен “Тобыл” U18 арасындағы матчта жартылай қорғаушы Аламгир алыстан әсерлі соққысымен көзге түсті. Бұл гол әлеуметтік желіде кең таралып, Смақовтар әулетінің футболдағы үздік дәстүрін тағы бір дәлелдеді.

Түркиямен келісім, бірақ әзірге – Қазақстанда

Бұған дейін Аламгир Смақовтың Түркияның “Бешікташ” клубымен келісімшартқа отырғаны белгілі болған. Бірақ жасы кәмелетке толмағандықтан әзірге шетелдік командада ресми ойын өткізе алмайды. Осыған байланысты Аламгир әзірге елде қалып, “Қайрат-Жастар” және QJ League аясындағы ойындарға қатысады.

“Бешікташ” жүйесінде дайындалып жүрген дарын

Аламгир 2023 жылдан бері “Бешікташтың” академиялық жүйесінде жаттығып, өзін техникалық, тәртіпті және келешегі зор ойыншы ретінде көрсеткен. Сонымен қатар Қазақстан U17 құрамасы сапында оннан астам халықаралық матч өткізіп, көшбасшылық қабілетін дәлелдеді.

Әкесі Самат Смақов — ел футболының аңызы

Осы тұста айта кетейік, Самат Смақов қазір Премьер-лигада “Жетісу” клубының бас бапкері ретінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол — төрт дүркін Қазақстан чемпионы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны және отандық футболдағы ең сыйлы тұлғалардың бірі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары