Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ҚФФ жаңа атқарушы комитетіне кірді

Редактор Penalty.kz
26.05.2025, 17:32

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңартылған атқарушы комитеті жарияланды. Оның құрамына ірі бизнес, мемлекеттік құрылымдар және спорт саласының өкілдері енді. Айрықша назар аудартқан есімдердің бірі – Kaspi.kz жетекшісі Михаил Ломтадзе.

4bluescreen.kz/
Реклама
Реклама

Не болды?

ҚФФ жаңа құрамды бекітті. Жаңартылған атқарушы комитетке енген тұлғалардың қатарында технологиялық алпауыттар, мемлекеттік басқару жүйесінің өкілдері, сондай-ақ спорттық қауымдастықтың белсенділері бар. Бұл өзгерістер ұйымның құрылымын реформалауға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылуда.

Жаңа атқарушы құрам мүшелері:

  • Әсет Ерғалиев – бұрынғы Ұлттық экономика министрі, қазіргі таңда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
  • Михаил Ломтадзе – Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ “Колёса”, “Крыша” және “Маркет” платформаларына иелік ететін кәсіпкер. 2021 жылдан бері Forbes әлемдік миллиардерлер тізіміне кіреді. 2025 жылы 5,9 млрд доллар капиталымен 597-орынға тұрақтаған.
  • Гаджи Гаджиев – “SA Construction Group” компаниясының бас директоры, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті және Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті.
  • Нұрсұлтан Құрман – журналист, спорт менеджері, ҚФФ президентінің кеңесшісі.
  • Нуну Каштру – португалиялық маман, ҚФФ-ның төрелік және инспекторлық департаментінің директоры.
  • Вахид Масудов – бұрынғы КСРО және Қазақстан құрамасының ойыншысы, түрлі қазақстандық клубтардың бұрынғы бас бапкері (соның ішінде “Қайрат”, “Шахтер”, “Ақтөбе”, “Жетісу”, т.б.).
ФОТО: ҚФФ

Құрамдағы басқа танымал тұлғалар:

  • Марат Омаров – ҚФФ президенті.
  • Қайрат Боранбаев – Forbes.kz нұсқасы бойынша 2021 жылы Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкерінің қатарында болған, Дариға Назарбаеваның құдасы.
  • Бегаим Қырғызбаева – “Оқжетпес” әйелдер футбол клубының бас бапкері, Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушы көмекшісі.
  • Қайрат Оразбеков – “Қайрат” ФК президенті, бірқатар ірі кәсіпорындардың директорлар кеңесінің төрағасы.
  • Тимур Турлов – Freedom Finance компаниясының президенті, Freedom Holding Corp басшысы.

Қандай мәселелер талқыланды?

Кездесуде ҚФФ-ның ұйымдық және жарғылық құрылымын қайта қарау, жаңа мүшелерді қабылдау және бұрынғыларын шығару, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіби футбол лигасының (ҚКФЛ) өкілеттіктерін тоқтату секілді мәселелер қарастырылды.

ҚКФЛ президенті енді ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі болып табылмайды. Бұл да жарғыдағы маңызды өзгерістердің бірі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары