Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Еуропада топ жарды

Бұрын Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Владислава Кухта Софияда бокстан Еуропа чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Еуропада топ жарды
instagram/@vladislavakukhta

Финалдағы сенімді жеңіс

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші жекпе-жегінде Владислава Кухта ресейлік Людмила Воронцовамен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Кухтаға берді. Осылайша Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Еуропа чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Кухтаның Еуропа чемпионатындағы жолы

Владислава Кухта Софиядағы турнирде бірнеше мықты қарсыласты жарыс жолынан шығарды. Алғашқы кездесуінде грекиялық Панайота Кузиланы мерзімінен бұрын жеңді. Ширек финалда франциялық Амина Зиданиден басым түсті. Жартылай финалда ирландиялық Микаэла Уолшты ұтты. 

Кухта Қазақстан сапында өнер көрсеткен кезінде ел чемпионатын екі рет жеңіп алған. Сонымен қатар 2021 жылы Дубайда ұйымдастырылған Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Боксшы 2023 жылдың соңында спорттық азаматтығын ауыстырып, Венгрия құрамасының атынан сынға түсе бастады.
Софияда өткен Еуропа чемпионаты World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылған құрлықтық деңгейдегі алғашқы ресми жарыс болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?