Криштиану Роналду 400 миллион еуродан бас тартты
30.05.2025, 00:02
Шабуылшы Сауд Арабиясының "Әл-Насрмен" 400 миллион еуро көлеміндегі келісімді ұзартудан ресми түрде бас тартты.
planetsport.com
Шетелдік басылымдардың дерегінше, Роналду "Әл-Насрдан" кететінін ресми түрде жариялайды. Ол бұл клубта екі жарым жыл бойы өнер көрсетті.
Қоштасу: жұмбақ постпен
"Алтын допты" бес рет жеңіп алған футболшы соңғы ойыннан кейін жанкүйерлермен қоштасып, әлеуметтік желіде қысқа әрі әсерлі жазба қалдырды:
"Бұл тарау аяқталды. Ал оқиға?.. Әлі жазылып жатыр. Баршаңызға алғысым шексіз".
Роналдудың болашағы – Еуропа ма?
Қазір Роналду басқа клубтардың ұсыныстарын қарастыруда. Олардың қатарында тек Таяу Шығыс емес, Еуропа мен басқа да аймақтардың командалары бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама