Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бақтияр Артаев бастаған легионерсіз жоба құлдырап жатыр ма? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 07:19

Қызылордалық шенеунік "Қайсардың" жағдайын Англия кубогы иегерімен салыстырды. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы "Қайсар" клубының қазіргі жағдайын Англия кубогының иегері – "Кристал Пэласпен" салыстырып, күтпеген пікір білдірді.

"Англия Премьер-Лигасындағы көптеген клубтар мен Еуропаның басқа чемпионаттарындағы командалар жоғары лигада қалу үшін ғана ойнайды. Мысалы 2025 жылы ағылшын кубогын жеңіп алған" Кристал Пэлас" командасы. Олар 200 жылда алғаш рет осы трофейді иеленді. Біз оларға қарағанда жақсы жағдайда тұрмыз", — деді Оңдасынұлы "Спорт Пульс" бағдарламасына берген сұхбатында.

"Қайсар" жанкүйерлерінің наразылығы күшейді

Оңдасынұлының бұл мәлімдемесі жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды. Бұған дейін "Қайсардың" он турдан кейінгі нәтижелері жанкүйерлерді қанағаттандырмаған еді. Олар спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтан түсініктеме талап етті. Айта кетейік, дәл осы Артаев 2025/2026 маусымда клубты легионерсіз ойнауға шақырған бастамашы болған.

Қазір "Қайсар" Қазақстан Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде 10 ұпаймен 11-орында тұр. Клуб легионерлерсіз маусым басталғалы бері бірнеше сәтсіз ойын өткізіп, нәтиже көрсете алмай келеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары