Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Астана" Семейде жеңіске жетіп, ҚПЛ көшін бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
30.05.2025, 20:18

Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турында Семейдің "Елімайы" өз алаңында "Астананы" қабылдады. Матч 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

instagram/@fca.astana
Реклама
Реклама

Семейде өткен матчта астаналықтар аздап басымдыққа ие болғанымен, "Елімай" бірнеше қауіпті сәттерге ие болды. Бірақ өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмаған алаң иелері қарсыласына жол берді.

Бірінші таймда айып алаңындағы түсініспеушілікті ұтымды пайдаланған Рамазан Каримов есеп ашты. Ал екінші таймның басында Усман Камара қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті еселей түсті.

Турнирлік жағдай:

  • "Астана" — 27 ұпаймен КПЛ-2025 турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

  • "Елімай" — 17 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары