Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Тобыл" Қостанайда "Атырауды" ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 20:42

Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турында "Тобыл" клубы өз алаңында "Атырауды" 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Бұл матчта алаң иелері айқын фаворит саналды және сол үмітті толық ақтады.

instagram/@fctobol
Реклама
Реклама

Алғашқы таймда-ақ интрига қалмады

Жанкүйерлер бірінші таймда-ақ нәтижелі футболдың куәсі болды. 14-минутта Александр Зуев, кейін Ислам Чесноков пен Ахмед Эль-Мессауди мергендік танытты. 

Атыраулық қорғаушы Гиорги Гадрани қызыл қағаз алып, қонақтар матчтың көп бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

Үзілістен кейін Роман Асранқұлов пен Жасұлан Жұмашев таблодағы есепті 5:0-ге жеткізді.

“Тобыл” басты фавориттер қатарына енді

Бұл жеңістен кейін “Тобылдың” еншісінде 23 ұпай болды. Айта кетейік, клубтың “Астанамен” салыстырғанда екі ойыны кем, ал елордалықтарда 27 ұпай. Демек қостанайлық ұжым турнир көшбасшылығына таласуға нақты үміткер. Ал “мұнайшылар” турнир кестесінің соңғы сатысына түсті.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары