Мессиді тоқтату мүмкін емес (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
01.06.2025, 10:35

Аргентиналық аңыз ойыншы Лионель Месси Америка футболындағы тағы бір тарихи белесті бағындырды. Ол МЛС (АҚШ пен Канаданың жоғары лигасы) чемпионатында "Интер Майами" клубы атынан ең көп гол соққан футболшы атанды.

thesun.my

Рекордтық дубль

"Интер Майами" мен "Коламбус Крю" арасындағы ойында Месси алғашқы таймда-ақ дубль авторы атанды. Ол 15-ші және 24-ші минуттарда гол соғып, командасының 5:1 есебімен ірі жеңісіне үлес қосты.

Месси көш бастады

Лионель Мессидің еншісінде енді 31 гол бар. Бұл — "Интер Майами" тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Бұған дейінгі үздік сұрмергендер:

  • Гонсало Игуаин — 29 гол
  • Леонардо Кампана — 28 гол

Месси "Интер Майами" клубына небәрі екі жылға жетпейтін уақыт бұрын қосылған. Бірақ оған рекордты жаңарту үшін бар-жоғы 38 ойын жеткілікті болды.