Forbes журналы 2025 жылғы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады. Көш басында – 6,75 миллиард долларға бағаланған "Реал Мадрид".
Алаңдағы қиындықтарға қарамастан, англиялық "Манчестер Юнайтед" клубы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының тізімінде екінші орынға ие болды. Бұл туралы әйгілі Forbes журналы жариялаған 2025 жылғы жаңартылған рейтингте көрсетілді.
Төртінші жыл қатарынан испаниялық "Реал Мадрид" тізімді бастап тұр. Клубтың нарықтық құны 6,75 миллиард доллар деп бағаланған. Сонымен қатар, "Реал" — тарихта маусымдық табысы 1 миллиард доллардан асқан алғашқы футбол клубы (2023/24 маусымдағы табыс – 1,129 млрд доллар).
2-орында тұрған "Манчестер Юнайтед" клубының нарықтық құны 6,6 миллиард доллар. 2023/24 маусымында "қызыл сойқандардың" табысы 834 миллион доллар болды.
Forbes рейтингіне сәйкес, алғашқы ондыққа мыналар кірді:
Айта кетерлігі, "Арсенал" бір жылда құнын 31%-ға арттырған, бұл – ТОП-10 ішіндегі ең жылдам өсім.
Рейтингке АҚШ-тың 9 клубы, Англиядан – 12, Италия, Испания, Германия және Франциядан бірнеше клубтар енген. Тізімде "Интер Майами", "Ньюкасл", "Фулхэм", "Брайтон", тіпті "Остин" мен "Ди Си Юнайтед" сияқты клубтар да бар.