Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері және соңғы уақытта "Химки" клубының уақытша жаттықтырушысы болған Магомед Адиев енді "Крылья Советов" клубын баптайды.
Журналист Иван Карповтың дерегіне сүйенсек, 47 жастағы маманның кандидатурасын Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев мақұлдаған. Адиев клубпен "1+1" форматы бойынша келісімшартқа қол қояды (1 жыл + тағы 1 жылға созылу мүмкіндігі).
Мәліметтерге сәйкес, клуб Адиевтің тағайындалуынан кейін бірден бес ойыншыны жалға алуды жоспарлап отыр:
2024/25 маусымында Ресей Премьер-Лигасында 10-орын алған Игорь Осинькин 27 мамырда клубтан кеткен болатын. Ол 2020 жылдан бері команданы басқарып келді.
Еске сала кетейік, Адиевтің бұрынғы клубы "Химки" келесі маусымда РПЛ-де ойнау құқығынан айырылды — команда лицензия алмаған. Турнир кестесінде 12-орын алғанымен бұл нәтиже жоғары дивизионда қалуға жеткіліксіз болды.