Максим Самородов ТОП чемпионатқа дайындалып жатыр

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 18:20

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еуропаға көшуге дайындалып жатыр. Ағылшын тілін меңгеруге кәдімгідей ден қойған. 

Vesti.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы және «Ахмат» клубының футболшысы Максим Самородов өзінің болашағын Еуропалық футболмен байланыстырып, ағылшын тілін үйрене бастағанын айтты. Бұл туралы ол «Футбол Жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

“Ағылшын тілін үйреніп жүрмін”

«Иә, сәл-сәл, ақырындап үйреніп жатырмыз. Легионерлермен араласқанда ағылшын тілінде сөйлесуге тырысамын», – дейді Самородов.

«Көбіне легионерлермен сөйлесіп жаттығуда үйренемін. Ағылшын тілім біртіндеп жақсарып келеді», – деп қосты ол.

Топ-5 чемпионатқа көшу – арман ба, әлде мақсат па?

Журналист сұрағына жауап берген футболшы Еуропаның топ-5 чемпионаттарының біріне ауысу мүмкіндігін жоққа шығармады:

«Кез келген футболшының арманы – үлкен чемпионатта ойнау. Бәрі өзіме байланысты. Қалай жұмыс істеймін, өзімді қалай көрсетемін – сол шешеді. Сондықтан иә, мүмкіндік бар», – деді ол.

Құрамада кім ағылшын тілін ең жақсы біледі?

Самородовтың айтуынша, Қазақстан құрамасында ағылшын тіліне ең жүйрік ойыншы – Оразов.

«Ағылшынды бәрібір үйрену керек екенін айтты. Бұл – бүкіл әлемге ортақ тіл ғой. Сол себепті тырысып жатырмыз, үйреніп жүрміз», – дейді Максим.

Мақсат айқын, қадам нақты

Футболшының айтуынша, ағылшын тіліндегі прогресс біртіндеп байқалып келеді, және ол бұл бағыттағы жұмысын тоқтатпайтынын жеткізді. Самородов еуропалық футболдың талабына сай болу үшін тілмен қатар кәсіби деңгейін де көтеруге бел буып отыр.