"Шапан жауып, шығарып салыңдар!" – Тағыбергенді құрамадан кетіру талап етілді

Редактор Penalty.kz
08.06.2025, 19:20

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген сынның астында қалды. Беларусьтен ұтылған соң, футбол сарапшысы Сеил Ибатов оны құрамадағы мансабын аяқтауға ашық түрде шақырды.

Offside.kz

Беларусьпен өткен жолдастық кездесудегі ауыр жеңілістен кейін Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенге қатысты қатаң сын айтылды. Танымал футбол сарапшысы әрі “Ордабасы” клубының жанкүйері Сеил Ибатов тәжірибелі жартылай қорғаушыны ұлттық құрамадан кетуге ашық шақырды.

Резонансты пікір

5 маусым күні Борисов қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы Беларусьтен 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Осы ойынға байланысты YouTube-тағы «Күнгей кз» арнасында Сеил Ибатов былай деді:

“Асхат Тағыберген, ренжісін немесе ренжімесін – бәрібір. Ол біздің "Ордабасыда" капитан болды, бірақ белорустардың таран тәрізді жартылай қорғаушысын қуып жете алмады. Бәрі осы жерден түсінікті. Қадірлі ағайын, оған шапан жауып, тақия кигізіп, батаңызды беріңіздер”, – деді сарапшы.

Бұл сөздер қоғамда Асхаттың құрамадағы мансабын аяқтау керек деген ашық үндеу ретінде қабылданды.

Тағыберген – тәжірибе символы

Асхат Тағыберген ұлттық құрамада 62 матч өткізген, ұзақ жылдан бері орталық шептің сенімді тірегі әрі капитаны саналады. Дегенмен, соңғы матчта жылдамдық, қозғалыс және күрес деңгейінде осалдық танытқаны байқалды.

Беларуське қарсы матч

5 маусымдағы сәтсіздік тек жаттықтырушылар штабы емес, сонымен бірге жекелеген ойыншылар да сынға қалды. Тағыбергеннің әсіресе бірнеше эпизодта қарсыласқа есе жіберуі, сарапшылар назарынан тыс қалмады.