Лондондықтар Энцо Фернандес үшін Родригоны сұрап отыр.
Энцо Фернандес 2023 жылы "Челсиге" 120 миллион еуроға келіп, клуб тарихында ең қымбат трансферлердің біріне айналды. Алайда "Реал Мадрид" аргентиналықты жазғы трансферлік терезеде алуға нақты ұсыныс жасауы мүмкін.
"Челси" басшылығы Энцодан оңайлықпен бас тартқысы келмейді. Дегенмен корольдік клубтың қызығушылығын пайдаланып, олар Родригоға байланысты "ғасыр алмасуының" жоспарын қарастыруда. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, мадридтіктер Родригоға 100 миллион еуро көлемінде баға қойып отыр.
Бұл дегеніміз – қос ойыншының жалпы нарықтық құны 220 миллион еуроға жетеді. "Челси" өз инвестициясын қайтарып қоймай, шабуыл шебін жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Родриго сол қапталда шабуылдаушы ретінде шеберлігімен танымал. Ол оң қанатта да әрекет ете алады. Бірақ негізгі қаруы — оң аяғымен ортаға өтіп соққы жасау. Бұл тәсіл Мареска жүйесінде жақсы іске асуы ықтимал. Айта кету керек, "Арсенал" да Родригоға қызығушылық білдіріп, сол қанатты күшейтуді жоспарлап отыр.
"Челсидің» тағы бір жаңалығы – Андрей Сантостың "Страсбургтен" арендадан қайтуы. Жас бразилиялық өткен маусымды "бокс-ту-бокс" позициясында сәтті өткізді. Оның оралуы Маресканың орталық алаңдағы тактикалық таңдауларын кеңейтеді және бұл Фернандестің трансферіне жасыл жарық беру ықтималдығын арттырады.