Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мбаппе Францияға Ұлттар лигасының қола жүлдесін сыйлады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
08.06.2025, 20:09

Франция құрамасы 2024/25 жылғы Ұлттар лигасының үшінші орын үшін матчында Германияны жеңіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

news9live.com
Реклама
Реклама

Үшінші орын үшін шешуші кездесу Германияның Штутгарт қаласында өтті. Франция мен Германия құрамалары арасындағы текетірес 2:0 есебімен француздардың пайдасына аяқталды.

Алғашқы голды 45-минутта Килиан Мбаппе соқты. Ал екінші гол 84-минутта Майкл Олисенің еншісіне жазылды. Нәтижелі пасты Мбаппе жасады.

Франция — қола жүлдегер

Осылайша, Франция құрамасы 2024/25 жылғы маусымды Ұлттар лигасының қола медалімен аяқтады. Бұл нәтиже маусым бойғы тұрақты ойынының нәтижесі десе болады.

Финалда кім ойнайды?

Турнирдің финалы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні өтеді. Онда Португалия мен Испания құрамалары бас жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, Испания — Ұлттар лигасының қазіргі чемпионы. Өткен маусымда олар финалда Хорватияны пенальти сериясында (0:0, 5:4) жеңген болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары