Испания vs Португалия: Сандар сөйлейді!

Редактор Penalty.kz
08.06.2025, 21:00

Бүгін Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Испания қарсы шешуші матчқа шығады. Екі алыптың ойыны қалай аяқталады?

ru.uefa.com

Футболсүйер қауымды бүгін үлкен тартыс күтіп тұр. Ұлттар лигасының финалында Испания мен Португалия құрамалары чемпиондық атақты сарапқа салады. Назарларыңызға екі команда жайлы статистикалық мәліметтер ұсынамыз. 

Финалға апарар жол

Португалия құрамасы жартылай финалда Германияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Немістер есепті бірінші болып ашқанымен, Криштиану Роналду жеңіс голын салып, командасын финалға алып шықты.

Испания құрамасы да оңайлықпен өтпеді — Франциямен болған ойында есеп 5:4 болып, испандар минималды басымдықпен жеңіске жетті.

1/4 финал кезеңінде де қос құрама тартысты ойын көрсетті. Португалия Данияны қосымша уақытта жеңсе, Испания Нидерландыны тек пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Статистикалық салыстыру

Бір-біріне қарсы кездесулер:

  • Жалпы: 41 матч
  • Ресми ойындар: 11 матч
  • Жеңістер: Испания – 18, Португалия – 6, қалғаны – тең есеп

Турнир тарихы

  1. Португалия – 2019 жылғы алғашқы Лига ұлттарының жеңімпазы. Финалда Нидерландыны минималды есеппен ұтты.
  2. Испания – 2021 жылғы финалда Франциядан жеңіліп қалса да, келесі финалда Хорватияны пенальти сериясында жеңіп, чемпион атанды.

Қорытынды

Екі алыптың да бұл турнирде жеңіске жеткен тәжірибесі бар. Сондықтан бүгінгі матч жанкүйерлер үшін тек финал емес, Еуропа футболындағы нағыз классика болмақ. Кім озады? Бұл сұрақтың жауабын футбол алаңы көрсетеді.