Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құрамасы "Арсенал" ойыншысымен күшеймек

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 12:00

27 жастағы қорғаушы Илиас Хадзитеодоридис Қазақстан құрамасының сапында ойнауға дайын. 

NUR.kz
Реклама
Реклама

Лондоннан — Қазақстанға

Қазір грекиялық "ОФИ" клубында өнер көрсетіп жүрген Хадзитеодоридис бұған дейін Лондонның "Арсенал" академиясында жаттыққан. Ол сол жақ қорғаушы позициясында ойнайды және биылғы маусымда өз клубымен Грекия кубогының финалына дейін жетіп, "Олимпиакосқа" 0:2 есебімен жеңілді. 

Қазақстандық тамырлар

Илиастың әкесі мен анасы Шымкентте дүниеге келген. Бірақ 90-жылдары тарихи отанына — Грекияға репатриант ретінде қоныс аударған. Сондықтан да футболшының Қазақстан азаматтығын алуға негізі бар. Бұған дейін ол Грекия жастары құрамасына шақыртылғанымен бірінші құрамда алаңға шықпаған. 

Бәсекелестік арта түспек

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Хадзитеодоридис Қазақстан құрамасында Асхат Астанов пен Ян Вороговскийге лайықты бәсекелес бола алады. Жаңа қорғаушының келуі ұлттық команданың сол қапталдағы қорғанысын күшейтеді.

Айта кетейік, бұған дейін футболшыны "Астана" клубымен байланыстырып жүргендер болды. Бірақ нақты келісімге келмеген.

Англия мен Грекиядағы тәжірибе

"Арсеналдан" бөлек, Хадзитеодоридис Англияда "Брентфорд" пен "Челтнем Таун" клубтарында ойнаған. Бұл оның жоғары деңгейдегі футболмен тәжірибесі мол екенін дәлелдейді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары