Өзбекстан құрамасының және ағылшындық "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта катарлық жанкүйерлердің сынына ұшырады.
Ташкентте өткен Өзбекстан – Катар кездесуінде Хусанов матч барысында катарлық ойыншыларға таблодағы 3:0 есебін ыммен көрсетіп, ашуға тиген. Бұл әрекет катарлық жанкүйерлердің наразылығын туғызды.
Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, түрлі пікірлерге себеп болды.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта өзбекстандықтар Катарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Айта кету керек, бұл ойынның нәтижесі турнирлік кестеге әсер еткен жоқ. Себебі 5 маусымда Өзбекстан құрамасы БАӘ-мен сырт алаңда 0:0 есебімен тең түсіп, 18 ұпаймен әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.