Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Месси әлем чемпионатын голсыз бастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.06.2025, 09:46

Майамидегі "Хард Рок" стадионында клубтық әлем чемпионатының алғашқы кездесуі өтті. Алаң иелері "Интер Майами" мен және Мысырдың "Әл-Ахли" клубы тең тарқасты.

newsweek.com
Реклама
Реклама

Пенальтиден соғылмаған доп, жарақат пен сары қағаз

Матчтың 43-минутында "Әл-Ахлидің" жартылай қорғаушысы Трезеге пеналтиден мүлт кетті. Оның добын "Интер Майамидің" қақпашысы Оскар Устари қайтарды.

Ойынның 14-минутында мысырлықтардың тағы бір ойыншысы Эмам Ашур жарақат алып, ерте ауыстырылды.

Месси, Суарес, Бускетс — толық құрамда

"Интер Майами" сапында әлемге әйгілі жұлдыздар — Лионель Месси, Луис Суарес пен Серхио Бускетс толық 90 минут бойы алаңда өнер көрсетті. Суарес матч барысында сары қағаз алды. Ал Жорди Альба бұл кездесуге қатыспады.

Келесі қарсыластар мен турнир тағдыры

Осы  нәтижеден кейін екі команда бір ұпайдан еншіледі. "Әл-Ахлидің" келесі қарсыласы — бразилиялық "Палмейрас". Ал Хавьер Маскерано баптайтын "Интер Майами" португалиялық "Портумен" бақ сынайды. Екі матч та 19 маусымда өтеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары