Жуырда «Оқжетпес» клубының сербиялық жартылай қорғаушысы Стахинья Йованчич Қазақстан Премьер-Лигасының деңгейіне жоғары баға берді.
«Оқжетпес» клубының жартылай қорғаушысы Стахинья Йованчич «Астанаға» қарсы өткен ойын (2:5) туралы пікір білдіріп, Қазақстан Премьер-Лигасының деңгейіне бағасын берді. Сонымен қатар команда алдындағы маусымдық мақсаттарды атап өтті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
“Бұл біз үшін өте қиын ойын болды. Голдарды тым оңай өткізіп алдық. Өз кезегінде, бізде де бірнеше нақты мүмкіндік болды, бірақ оларды іске асыра алмадық. «Астана» — өте мықты команда. Жеңіліп қалғанымыз өкінішті, бірақ біз тоқтамай, ары қарай жұмыс істей береміз”, - деді Стахинья Йованчич.
Футболшының сзінше, Қазақстан Премьер-Лигасы – жақсы деңгейдегі турнир. Көптеген клуб бір-біріне тең дәрежеде қарсылас бола алатын деңгейде дейді Йованчич.
“Бұған дейін Босния мен Сербия чемпионаттарында ойнадым. Егер салыстырар болсам, КПЛ-де қарқын жоғары, ал жалпы сапа жағынан бұл лигалар бір-біріне ұқсас”, деді ол.
“Иә, бұрын «Окжетпесті» лифт-команда деп атайтын, себебі жиі түсіп, қайта оралатын. Бірақ қазір жағдай мүлде бөлек. Бізде жақсы іріктелген құрам, кәсіби жаттықтырушылар бар. Сеніммен айта аламын: біз көп нәрсеге қол жеткізіп, елді таңғалдыра аламыз”, – деп түйіндеді Стахинья Йованчич.
Айта кетейік, биыл «Оқжетпес» сенсация жасап, еурокубок жолдамасына таласуға толық қабілетті.