Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ақтөбе" Чемпиондар лигасында "Ромамен" жолығады

Сарапшы, спорт журналисі
25.06.2025, 00:47

Қазақстанның әйелдер футболындағы мақтанышы — "Ақтөбе" алдағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Рома" командасына қарсы алаңға шығады.

football24.ua
Реклама
Реклама

Іріктеу шағын турнир форматында өтеді

Форматқа сәйкес, алғашқы раунд шағын турнир ретінде ұйымдастырылады. Бұл кезеңде төрт команда бақ сынайды:

  • Жартылай финал 1: “Ақтөбе” – “Рома” (Италия)
  • Жартылай финал 2: “Спарта” (Прага, Чехия) – “Норшелланн” (Дания)

Жеңімпаздар финалға, ал жеңілгендер үшінші орын үшін матчқа шығады. Жартылай финал ойындары 27 тамызда, ал финал мен 3-орынға талас 30 тамызда өтеді.

Топ жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Ерлер командасы – Еуропа лигасында

Айта кетейік, “Ақтөбе” клубының ерлер командасы да еурокубоктық маусымды бастауға дайын. Олар Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Польшаның “Легия” клубымен кездеседі.

Егер ақтөбеліктер бұл кездесуде жеңілсе, Конференциялар лигасының екінші раундында Праганың “Спартасымен” жолығуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары