Допинг дауына іліккен Михаил Мудрик полиграфтан өтті

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 19:30

"Челси" клубының және Украина құрамасының вингері Михаил Мудрик допинг дауына байланысты бірнеше полиграф тексеруінен өтті.

ria.ru

Полиграф не көрсетті?

Украиналық танымал спорт журналисі Виктор Вацконың мәліметінше, Мудрик барлық тексерулерде бірдей нәтиже көрсеткен. Футболшы тыйым салынған препараттарды әдейі қолданбаған, олар ағзасына кездейсоқ түскен болуы мүмкін.

“Полиграф көрсеткіштері Михаилдың тыйым салынған дәрілерді саналы түрде қолданбағанын айғақтады”, – деді Вацко.

“Челси” ойыншысын уақытша шеттетті

2024 жылдың желтоқсан айының ортасында “Челси” Михаил Мудрикті командадан уақытша шеттеткенін ресми жариялаған. Қазір клуб та, ойыншы да “B” сынамасының нәтижесін күтіп отыр. Егер екінші сынама да оң нәтиже берсе, Мудрикке 2 жылдан 4 жылға дейін дисквалификация қаупі төніп тұр.

Футболшының клубпен арадағы келісімі 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ал Transfermarkt дерегінше, оның нарықтағы құны – 18 миллион еуро.