Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Танымал африкалық легионер ҚПЛ клубына ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
25.06.2025, 07:45

ҚПЛ-дегі жазғы трансферлік терезе аясында "Атырау" ФК құрамын күшейтті. Команданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Конго Демократиялық Республикасының ойыншысы Джоэль Нганду Каямба клубпен қайта келісімшартқа отырды.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Каямба Каспий жағалауына оралды

Киншаса қаласының тумасы өзінің кәсіби мансабын отанындағы “Sharks” клубында бастаған. Кейін Чехияға ауысып, “Глинско”, “Пршибрам” және “Виктория Пльзень” сынды командаларда өнер көрсетті.

Одан кейін Түркияның “Самсунспор” мен “Болуспор” клубтарында доп тепті. Каямба өткен маусымды “Атырау” сапында өткізіп, 2024 жылы Ливияның “Әбу Салим” клубына ауысқан болатын.

"Джоэль Каямба футбол клубы «Атырауды» таңдады. Ол біздің командада бұған дейін де ойнап, өзін жақсы қырынан көрсеткен болатын", — делінген клубтың Instagram парақшасында.

Еурокубок пен ұлттық құрамадағы тәжірибесі 

Каямбаның тәжірибесі ауқымды:

  • Еуропа Лигасында ойнаған
  • Конго Демократиялық Республикасының ұлттық құрамасында бірнеше мәрте өнер көрсеткен

Бұл трансфер “Атырау” үшін маңызды стратегиялық қадам болуы мүмкін. Себебі, команда 13 турдан кейін небәрі 4 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінің соңғы сатысында орналасқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары