Түркістандық клуб жаңа басшы, жаңа бапкер және жаңа құраммен екінші айналымға шығуға бел буды.
“Тұран” ФК ауқымды өзгерістер болды. Клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес алдымен клубтың басшылық құрамы жаңарды.
Клуб бапкерлік штабпен де де қоштасты. Беларусь маманы Виталий Жуковский бастаған штабпен келісім тоқтатылып, Әбдухалық Бөрібаев жаңа бас бапкер ретінде команда тізгінін қолға алды. Қазір клуб жаңа ойыншылармен келіссөздер жүргізіп, құрамды қайта жасақтау үстінде.
Команда бірден 12 шетелдік ойыншымен қоштасты:
Осы ойыншылардың ішінен Хаткевич, Милойко, Дорофеев, Совпель, Юденков және Стасевич “Атырау” клубына ауысып кетті. Сонымен қатар “мұнайшылар” құрамын бірнеше жас қазақстандық ойыншы және Ливияда ойнаған Жоэль Каямба толықтырды.
“Атырау” клубында да кадрлық ауыс-түйіс болды. Бас бапкер қызметіне Виталий Жуковский қайта оралды (Денис Мамоновтың орнына), спорт директоры қызметіне Қуаныш Қабдолов тағайындалды.