ҚПЛ клубы бірден үш ойыншының кеткенін хабарлады

Редактор Penalty.kz
25.06.2025, 19:00

"Ұлытау" ФК ресми түрде Асқат Ермекұлы, Дінмұхаммед Қашкен және Доминик Боловинцевпен қоштасқанын мәлімдеді.

instagram/@fc_ulytau

Ермекұлы – “Жетісайға”, ал өзгелердің болашағы әзірге белгісіз

30 жастағы жартылай қорғаушы Асқат Ермекұлы мансабын Бірінші лигадағы “Жетісай” клубында жалғастырады. Ал Қашкен мен Боловинцевтің алдағы уақытта қай командаға ауысатыны жөнінде нақты ақпарат берілген жоқ.

Қашкен мен Боловинцевтің үлесі қандай болды?

Дінмұхаммед Қашкен мен Доминик Боловинцев жезқазғандық ұжымға жылдың басында қосылған. Боловинцев – Бішкек қаласының тумасы және 2024 жылғы маусымда команданың Бірінші лигадағы табысты өнеріне тікелей үлес қосқан ойыншылардың бірі.

Қазір “Ұлытау” ҚПЛ-дің 13 турынан кейін 12 ұпай жинап, 11-орында орналасқан.