"Челси" жұлдызы "Арсеналға" кетті — Премьер-лигада жаңа бомба!
26.06.2025, 09:50
Кепа Аррисабалага ресми түрде "Арсеналдың" ойыншысы атанды. Лондондық клуб 30 жастағы испаниялық қақпашыны 5 миллион фунтқа сатып алды.
sportnews.kz
30 жастағы қақпашы үшін 5 миллион фунт
Бұл сома қазіргі нарықта аса үлкен болмаса да, Кепаның тәжірибесі мен деңгейін ескерсек, өте тиімді келісім деуге болады.
Фабрицио Романо өз Twitter парақшасында бұл ақпаратты растады:
"Кепа Аррисабалага "Арсеналдың" жаңа ойыншысы. Құжаттар дайын, келісім жасалды! Трансфер сомасы — 5 миллион фунт"— деп жазды Романо.
Кепа "Арсеналға" не үшін қажет?
Кепа Аррисабалага — тәжірибелі қақпашы, Испания ұлттық құрамасының мүшесі. Ол өзінің мансабында "Атлетик Бильбао", "Челси" жейдесін киді. 2018 жылы Кепа әлемдегі ең қымбат қақпашы атанған — "ақсүйектер" оған 71,6 миллион фунт төлеген еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама