Мадридтік "Атлетико" бұл трансферлік жазда аса белсенді клубтардың біріне айналды. Тек соңғы екі күнде команда қос ойыншыға 70 миллион еуро жұмсады.
"Аталантадан" келген Маттео Руджери ресми түрде "Атлетиконың" жаңа ойыншысы атанды. Трансферлік келісім құны — 17 миллион еуро + 3 миллион бонус.
21 жастағы қорғаушы өткен маусымда А сериясында сенімді ойын көрсетті.
Сарапшылардың пікірінше, Руджери — "Атлетико" қорғанысын жаңартуға бағытталған стратегияның алғашқы қадамы.
Клубтың екінші ірі сатып алынғын ойыншысы — "Вильярреалдан" келген Алекс Баэна. Жартылай қорғаушы үшін 45 миллион еуро + 5 миллион бонус төленді.
Баэна — Ла Лиганың үздік ассистенттерінің бірі. Өткен маусымда 12 нәтижелі паспен көзге түсті. Оның жасы — 22-де және Испания ұлттық құрамасында ойнап үлгерді.
Клубтың пікірінше, "Баэна — креативті ойыншы. Ол біздің шабуылға жаңа серпін береді".
Бұған дейін испандық БАҚ-тар жазғандай, "Атлетико" бұл жазда 200 миллион еуроға дейін ойыншылар сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл шешім клубтың жаңа даму стратегиясына байланысты. Сонымен қатар бұл бюджет сатылымдарға тәуелсіз түрде бекітілген.
«Атлетиконың» Руджери мен Баэнаға жұмсаған 70 миллион еуросы клубтың маусым алдындағы жоспарларын нақты көрсетіп отыр. Келесі апталарда тағы бірнеше ірі трансфер болуы әбден мүмкін.