Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Месси алаң ортасынан бастап бүкіл қорғанысты алдап, керемет гол соқты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 11:00

Лионель Месси өз шеберлігімен тағы да таңғалдырды. 38 жастағы аргентиналық жұлдыз MLS матчында қарсылас қорғанысын сан соқтырып, жанкүйерлерді елең еткізген гол соқты.

france24.com

"Монреаль" – "Интер Майами": матч нәтижесі

MLS чемпионаты аясында өткен матчта "Клёб де Фут Монреаль" өз алаңында "Интер Майамиді" қабылдады. Кездесу Монреаль қаласындағы "Сапуто" стадионында өтті.

Ойынның есебі — 1:4, жеңіс қонақтар еншісінде. Майами сапынан екі рет көзге түскен — Лионель Месси шын мәнінде жарқырады.

Мессидің ғажайып голы қалай соғылды?

Матчтың 62-минутында Месси орталық шеңберге жақын тұстан досы әрі серіктесі Луис Суарестен пас алып, шабуылға шықты.

Допты қабылдағаннан кейін дриблинг арқылы қарсыластың бірнеше ойыншысын алдап өтіп, қақпаға жақындап сол аяғымен тамаша соққы жасады.

Бұл сәт әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинап, Мессидің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.