Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Келер жылдан бастап қазақстандық футболшылардың жалақысы үш есе өседі

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 13:30

Кәсіпқой футбол лигасында (ҚПЛ) қазақстандық ойыншылардың айлығы күрт өседі. Бұл жаңалық футбол жанкүйерлерін де, футболшыларды да бей-жай қалдырмады.

Vesti.kz

Ермұхаммед Мәулен: "Қазақ футболшыларының дәурені туды" 

Белгілі қазақстандық спорт журналисі Ермұхаммед Мәулен "Aladop" YouTube арнасына берген сұхбатында отандық футболда болатын маңызды өзгерісті хабарлады. Оның айтуынша, келер жылдан бастап шетелдік легионерлердің еңбекақысы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар тарапынан қаржыландырылмайды. Бұл өз кезегінде қазақстандық ойыншылардың қаржылық жағдайын түбегейлі өзгертеді.

"Келер жылдан бастап легионерлерге жалақы төлеу — клубтарға үлкен салмақ болады. Сондықтан да қазақ паспортындағы футболшылардың заманы туады. Қазір олардың айлығы шамамен 1,8–2,2 миллион теңге көлемінде, яғни ең төменгі деңгейде. Бірақ 2026 жылдың ақпан айынан бастап бұл сома 6–7 миллион теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл — отандық футболшылар үшін нағыз бақытты кезеңнің бастауы", — деді Мәулен.

Заң қабылданды: мемлекеттік қаржы тек өз футболшыларымызға

2026 жылдан бастап күшіне енетін "Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, шетелдік футболшыларға мемлекеттік бюджеттен немесе квазимемлекеттік сектор арқылы жалақы төлеуге қатаң тыйым салынады.