Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ұлттық құраманың шабуылшысы Еуропаға ауысар алдында үйленуге шешім қабылдады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
07.07.2025, 11:29

Қазақстан құрамасы мен "Тобылдың" көшбасшысы Ислам Чесноков жеке өмірінде маңызды қадамға барды. Ол бірнеше жыл бірге жүрген сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады.

instagram/@chesnokov46
Реклама
Реклама

Жауапты қадам: сүйіктісі келісімін берді

Ислам сүйіктісі Дианаға ұсыныс жасап, қыз келісімін берген. Ерлі-зайыпты болуға шешім қабылдаған жұптың махаббат хикаясы бірнеше жыл бұрын басталған.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Диана — Беларусь елінен шыққан ару. Ол жақта Ислам 2021 жылы "Белшина" клубында ойнап жүрген кезде танысқан.

Жаңа кезең: Шотландияға трансфер жақын

Ислам Чесноков мансаптық жаңа белеске де дайындалып жатыр. Жақын арада оның Шотландияның "Хартс" клубына ауысуы мүмкін екені айтылуда. Болжам бойынша, трансфер қараша айында жүзеге асады.

Еуропалық клубтардан сұранысқа ие бола бастаған шабуылшы үшін бұл үлкен мүмкіндік болмақ. Ал өмірлік серігін жанында алып жүру — Ислам үшін рухани қолдаудың кепілі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары