Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Еуропаға масқара боламыз». Қазақстанда УЕФА Суперкубогын өткізу жайлы

Редактор Penalty.kz
15.07.2025, 13:13

Стадиондардың жартысы талапқа сай емес, әуежай мен қонақүй жетіспейді. Fonteam арнасындағы подкастта бұл бастамаға қатысты ашық пікір білдіріп, Қазақстан футболындағы инфрақұрылым дағдарысын бүкпесіз айтты.

UEFA.com
Реклама
Реклама

Спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен Қазақстанда УЕФА Суперкубогы немесе Конференция лигасының финалын өткізу идеясына қатысты шынайы баға берді. Бұл туралы ол Fonteam YouTube-арнасындағы жаңа подкастында айтты. Оның айтуынша, елдегі стадиондардың қазіргі жағдайын ескере отырып, мұндай бастама «адам күлкісін келтіретін» деңгейде.

«Премьер-лига матчтарын да дұрыс өткізе алмай отырған елміз. Стадиондардың жартысы талапқа сай емес, көпшілігінде жасанды газон. Еуропаға масқара болмаймыз ба?», — деді Мәулен.

«Алдымен стадионды салып алайық»

Подкаст барысында журналист стадион мәселесіне тереңірек тоқталды. Оның сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда тек Астана Арена ғана УЕФА-ның төртінші категориялы талаптарына жартылай сәйкес келеді. Бірақ онда да жасанды алаң мен логистикалық шектеулер бар. Жаңа стадиондардың бірі Шымкенттің Бозарық ауданында салынып жатыр, оның 35 мың адамдық болуы жоспарланған.

«Бірінші мәселе — инфрақұрылым. Шымкенттегі жаңа стадион төртінші категориялы болады дейді. Сол кезде барып бір матч өткізуге болады шығар. Бірақ қазір емес», — деді ол.

Қонақ үй мен әуежай да проблема

Мәулен тек стадион емес, қала инфрақұрылымының да ақсап тұрғанын атап өтті. Мысалы, Қостанайда УЕФА матчтарына келген клубтар шағым жазуға мәжбүр. Себебі:

  • Бес жұлдызды қонақ үй жоқ
  • Әуежай жиі жабылады
  • Логистика әлсіз

Ақтаудағы жағдай да осыған ұқсас — әуежай жұмыс істемей тұр, ал жақын маңда альтернатива жоқ.

Басқа елдер өткізіп жатыр, бірақ…

Грузия, Албания, Әзірбайжан секілді елдер бұған дейін Еуропа финалдарын қабылдаған. Алайда олардың басты айырмашылығы — инфрақұрылым дайын болған соң ғана УЕФА-дан рұқсат алғаны.

«Ал бізде стадион дайын емес, қала инфрақұрылымы да әлсіз. Соған қарамастан “финал өткіземіз” дейміз. Не масқара!», — деді комментатор ашынып.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары