"Галатасарай" "Манчестер Сити" қақпашысы — Эдерсон үшін ресми түрде ұсыныс жасаған. Түрік басылымдарының мәліметінше, ыстамбұлдық команда 30 жастағы бразилиялық үшін 3 миллион еуро көлемінде трансферлік төлем ұсынды.
Эдерсон 2017 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Премьер-лигада бес мәрте чемпион атанып, Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. Алайда соңғы айларда оның клубтан кетуі мүмкін деген ақпарат жиі шығып жүр. Бразилиялық қақпашының өзі мансабын жаңа бағытта жалғастыруға дайын екендігін жанама түрде білдірген.
Эдерсон кеткен жағдайда "Манчестер Сити" өзінің бұрынғы ойыншысы, қазір "Бёрнлиде" ойнап жүрген 21 жастағы Джеймс Траффордты қайта қайтаруды жоспарлап отыр. Ол былтыр 15 миллион фунтқа сатылғанымен "Сити" оны қайта сатып алу мүмкіндігін сақтап қалған.
Футбол инсайдері Фабрицио Романоның дерегі бойынша:
"Егер Эдерсон командадан кетсе, Траффорд — бірінші кезекте қаралатын үміткер", — деп жазды Романо өзінің әлеуметтік желісінде.