"Қайрат" Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС командасымен кездеседі. Бұл матчты қазақ жанкүйерлері тікелей эфирде тамашалай алады.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесу 22 шілде күні Финляндияның Куопио қаласында өтеді. Ойынның басталуы 20:00 (Қазақстан уақытымен). Матчтың тікелей трансляциясын "Qazsport" телеарнасы ұйымдастырады.
Ал екінші ойын 29 шілде күні, Алматыда өтеді. Бұл да қазақстандық жанкүйерлер үшін маңызды сәт болары сөзсіз.
Еске сала кетейік, "Қайрат" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның "Олимпиясын" 3:1 есебімен жеңіп шықты. Ал КуПС өз кезегінде молдовалық "Милсамиден" 1:0 есебімен басым түсті.