Қазақстан U-21 құрамасы Англиямен өтетін маңызды іріктеу матчын Ақтөбеде өткізетін болды! Еуропа чемпионатына жолдама беретін кездесудің Алматы не Астанада емес, өңірлік қалада өтуі жанкүйерлерді таңғалдырды.
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2027 жылғы U-21 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матч қай қалада өтетінін ресми түрде растады. Бұл туралы KFF.kz хабарлады.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) УЕФА-мен келісіп, АҚТӨБЕ қаласын матчты қабылдайтын ресми алаң ретінде бекітті. Ұсыныс қабылданып, бекітілді.
Қазақстан U-21 құрамасы мен Англия U-21 құрамасының кездесуі:
Англия сияқты футбол алпауытымен өтетін маңызды матчтың Астана немесе Алматыда емес, Ақтөбеде өтуі көпшілікті таңғалдырды. Бұл шешім Қазақстан футболының өңірлерге бет бұрып жатқанының белгісі болуы да мүмкін.