Прагада Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында "Спарта" "Ақтөбені" қабылдады. Кездесу 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Чехиялық клуб өз жанкүйерлері алдында сенімді ойын көрсетті. Төрт голды төрт түрлі футболшы соқты. Олар Ян Кухта, Альбион Рахмани, Матей Рынеш және Велько Бирманчевич.
Еске сала кетейік, бірінші ойында "Ақтөбе" сенсация жасап, 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Бұл нәтиже қазақстандық жанкүйерлерге үміт отын сыйлаған-ды. Алайда қарымта матчта прагалықтар бар күшін салып, келесі кезеңге жолдама алды.
Үшінші кезеңде чехиялық клуб Арменияның "Арарат-Армения" және Румынияның "Университатя Клуж" командалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.