Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Астана» Конференция лигасының келесі кезеңіне өтуге лайық па? Сарапшы жауап берді

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 11:32

Молдовалық командаға қарсы қарымта кездесуде қазақстандық клуб үш минут ішінде екі гол соғып, ойын тізгінін өз қолына алды.

ru.sputnik.kz
Реклама
Реклама

Еуропа Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында молдовадық «Зимбруды» 2:0 есебімен жеңген «Астана» клубының жеңісі сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко бұл матчтың нәтижесін лайық деп атады.

«Астана – жарады! Кеше үш минуттың ішінде керек нәтижеге қол жеткізді. Бірінші таймда Джеффри Чинеду мен Усман Камараның арқасында екі гол соғып, одан кейін ойынның барысын толық бақылауда ұстады. Команда сабырлы, асықпай, қорғаныста сауатты ойнап, «Зимбруға» қақпа маңында еш мүмкіндік берген жоқ. Бұл – толықтай әділетті жеңіс», – деді Аверченко Sports.kz сайтына берген пікірінде.

Айта кетейік, алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Қос матч қорытындысы бойынша «Астана» келесі кезеңге жолдама алды. Келесі қарсылас – Швейцарияның «Лозанна» клубы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары