Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Миллиардтар! "Қайрат" еурокубоктан қанша табатыны есептелді

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 14:27

Алматылық клубқа Еуропаның басты турнирінен миллиардтаған теңге табыс түсуі мүмкін – бұл үшін командаға екі қарсыласын жеңу жеткілікті.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, еуропалық клубтық турнирден рекордтық қаржы алмақ. УЕФА тарапынан алматылық ұжым 18,62 миллион еуро немесе шамамен 11,5 миллиард теңге көлемінде сыйақы беріледі. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлады. 

Бірақ...

"Қайрат" бұл соманы иемденуі үшін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуі тиіс, ал оған жету үшін команда тағы екі қарсыласын жеңуі керек. Үшінші іріктеу кезеңінде алматылық клуб Словакияның "Слован" командасымен кездеседі.

Айта кетейік, "Қайрат" биылғы маусымдағы еурокубоктық жорығын сенімді бастады:

  • Алғашқы іріктеу кезеңінде Словенияның "Олимпиясын" 3:1 есебімен жеңді;
  • Екінші раундта Финляндияның "КуПС" клубын 3:2 есебімен ұтты.

Алда не күтіп тұр?

Егер "Қайрат" "Слованды" өтсе, плей-офф кезеңіне жолдама алады. Бұл кезеңді де сәтті еңсерсе, топтық кезеңге өтіп, миллиондар клубына айналады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары