Жазда ғана мерсисайдтық клуб Флориан Вирц үшін 125 миллион еуроға шығындалған болатын.
Англияның әйгілі "Ливерпуль" клубы трансферлік науқанда белсенді әрекет етуді жалғастырып жатыр. The Athletic басылымының мәліметі бойынша, клуб "Ньюкасл Юнайтед" шабуылшысы Александр Исакқа қатысты алғашқы ұсынысын жасап үлгерген. Ұсыныс көлемі – 120 миллион фунт стерлингтен асады.
Алайда Ньюкасл бұл ұсынысты қабылдамаған. Себебі клуб басшылығы швед бомбардирін сатқысы келмейтінін ашық айтып, оның құнын 150 миллион фунт стерлингке бағалаған.
Исактың өзі "Ливерпульге" ауысуға ынталы, – деп хабарлайды инсайдерлер.
Келіссөздер тоқтап қалғанымен, мерсисайдтықтар екінші ұсынысын дайындап жатыр.
Қазіргі уақытта 25 жастағы шабуылшы Испанияда, өзінің бұрынғы командасы "Реал Сосьедадтың" базасында жаттығып жатыр. Бұл оның "Ньюкаслға" ашық белгі беруі: Исак жазда командадан кетуге ниетті.
Егер трансфер сәтті жүзеге асса, Исак "Ливерпуль" сапында алғашқы ойынын 25 тамызда дәл қазіргі клубы "Ньюкаслға" қарсы өткізуі мүмкін. Бұл кездесу Ағылшын Премьер-лигасының күнтізбесінде көрсетілген.