Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ұлы тұлға": Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасынан қуылған бас бапкерге баға берді

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 21:04

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ресейлік маман Станислав Черчесовпен жұмыс істеу өзіне үлкен тәжірибе бергенін айтты.

sport.orda.kz
sport.orda.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының және Мәскеудің "Динамо" клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық командада Станислав Черчесовпен бірге жұмыс істеген кезеңін жылы лебізбен еске алды. Оның айтуынша, ресейлік маман — өте білікті жаттықтырушы әрі тәртіпті жоғары бағалайтын нағыз азамат.

"Черчесов – өте білікті бапкер. Дисциплинаға қатты мән береді. Онымен жұмыс істеу мен үшін үлкен құрмет болды. Ресей құрамасымен қол жеткізген жетістіктері бар. Мен оны ұлы тұлға деп есептеймін. Уақыт аз болғанымен, бірге жұмыс істегеніміз үшін алғыс айтамын. Маған жеке не берді десеңіз, ең алдымен, көзге бірден түсетіні – ол тәртіпке қатаң. Бұл мені де қызықтырады. Ол – нағыз ер азамат", – деді Зайнутдинов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Черчесов Қазақстан құрамасын 7 ай ғана басқарды

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін 2024 жылдың маусымынан 2025 жылдың қаңтарына дейін атқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама бірде-бір матчта жеңіске жете алмады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір