Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады

Редактор Penalty.kz
02.08.2025, 15:59

Кәмелет жасқа толмаған бала жарақат алды. 

kaz.nur.kz
Реклама
Реклама

Павлодар облысы Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында баланың үстіне темірден жасалған футбол қақпасы құлап кеткен. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Қауіпті алаң — халық жасаған қақпа

Полицияның хабарлауынша, балалар ойнап жүрген футбол алаңын ауыл тұрғындары өздері жасаған. Алайда қақпа дұрыс бекітілмегендіктен кенеттен құлап, бала жарақат алды.

“Бұл ойын алаңы мен қақпа еш жерде тіркелмеген, яғни ешбір ұйымның балансында жоқ екені анықталды”, — деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғадан кейін полиция Жертұмсық ауылдық округінің әкіміне балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Қауіпсіздік стандарттарына сай келетін футбол алаңын ұйымдастыру қажет деген ұйғарым жолданған.

Ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарақат алған бала кәмелетке толмаған. Оның заңды өкілдері бала қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің тиісті бабы бойынша жауапқа тартылды.

Айта кетейік, елде балалар алаңдары мен спорт нысандарының техникалық қауіпсіздігі жиі сынға ұшырайды. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары