Реклама
Реклама

"Реал" қорғаушысы өз алаңынан гол соқты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.08.2025, 02:24

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Эдер Милитао өзінің ғажайып голының видеосын әлеуметтік желіде жариялады. 

managingmadrid.com

Өз жарты алаңыңнан тура қақпаға!

Жолдастық матчында "Реал" – "Леганес" (4:1) бразилиялық қорғаушы Эдер Милитао қарсылас қақпасына өз алаңынан дәл соққы жасап, гол авторы атанды.

Матчтағы басқа голдар

"Реал" сапынан Браим Диас, Дин Хёйсен және Тьяго Питарч та көзге түсті.

"Леганес" командасында жалғыз голды Мунир Эль-Хаддади соқты.

Алдағы ресми ойындар

"Реал" жаңа маусымдағы алғашқы ресми матчын тамыздың 19-ынан 20 қараған түні "Осасунаға" қарсы өз алаңында өткізеді.

"Леганес" Сегундада (Испания Д2) 17 тамызда "Уэскаға" қарсы сырт алаңда ойынын бастайды.

Реклама
Реклама