"Барселона" президенті Жоан Лапорта қақпашы Марк-Андре тер Штегенге қатысты туындаған даулы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасады.
TV3 арнасына берген сұхбатында Лапорта жағдайдың толық шешілгенін айтты:
"Марк – біздің капитан болып қала береді, бұрынғы келіспеушіліктер реттелді. Ол алаңдағы лидерлігін дәлелдеді, жанкүйерлер команданы қалай алға жетелейтінін көрді. Клубта жүргеніне 11 жыл болды. Оның капитандық міндеттерді қайта атқарып жатқанына қуаныштымын. Позициясын ескере отырып, біз Жоан Гарсияны Ла Лига медициналық комиссиясының келісімімен тіркеуді жоспарлап отырмыз. Қалған трансферлер бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Егер бірінші турға дейін бәрін аяқтай алмасақ, әлі де уақытымыз бар".
Неміс қақпашысы өткен маусымда арқа жарақатына операция жасатып, Ла Лига медициналық комиссиясына қол қоюдан бас тартқан. Бұл жаңа қақпашы Жоан Гарсияны тіркеуге кедергі келтірді.
Салдарынан клуб тер Штегеннен уақытша капитандықты алған еді. Кейін тараптар келісімге келіп, капитандық мәртебе қайтарылды.