Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" клубының жаңа жұлдызы Дарвин Нуньес алғашқы матчында-ақ гол соқты. "Ливерпульдің" экс-шабуылшысы Швейцарияның "Аарау" командасына қарсы өткен жолдастық кездесуде көзге түсті.
Кездесу 6:0 есебімен арабтардың пайдасына аяқталды. Нуньес алаңға екінші таймда шығып, 87-минутта командасының алтыншы голын соқты.
26 жастағы уругвайлық футболшы өткен аптада ғана Сауд Арабиясына келген. БАҚ-та оның "Ливерпульден" "Әл-Хилялға" ауысқаны жайлы ақпарат тарады.
Клуб оның трансферіне 65 миллион еуро жұмсаған, бұл сомаға бонус та кіреді. "Әл-Хилал" — Сауд чемпионатының күміс жүлдегері.
Нуньес – жоғары жылдамдығы мен айып алаңындағы өткір ойынымен танылған шабуылшы. Сауд Арабиясына келуімен жаңа командасының шабуыл шебін күшейтіп қана қоймай, жанкүйерлердің де қызығушылығын арттырды.