ҚПЛ клубында бірнеше ай бойы жалақы төленбеген
Қызылорданың "Қайсары" тағы да қаржылық дағдарыстың ортасында қалды. Ойыншылар мен бапкерлер бірнеше айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр.
Уәде етілген сыйақы да берілмеді
BorodAbata.kz сайтының мәліметінше, "Ордабасымен" өткен матч алдында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары команда жақсы нәтижеге жетсе, сыйақы берілетінін уәде еткен. Дегенмен ойын 2:2 есебімен тең аяқталғанына қарамастан футболшыларға айтылған ақшалай төлем түскен жоқ.
Клуб ішінде наразылық күшейді
Дереккөздерге сүйенсек, клуб директоры да жалақы төлеуді кешіктіруде. Бұл жағдай команда ішінде үлкен наразылық туғызып отыр. Ойыншылар мен жаттықтырушылардың төзімі таусылып, ішкі ахуал барған сайын қиындап барады.
Мәселе былтырдан бері шешілмей келеді
"Қайсар" қаржылық қиындықтарға бірінші рет тап болған жоқ. Былтырдан бері шетелдік және қазақстандық қонақүйлер клубты сотқа берген. Себебі футболшылар мен бапкерлердің сапар барысында қонақүйлерге төленбеген қарыздары жиналып қалған.