Хусановты алаңға шығармаған "Манчестер Сити" АПЛ-де масқара болды (ВИДЕО)
23.08.2025, 18:58
Ағылшын Премьер-Лигасының екінші турында "Манчестер Сити" өз алаңында күтпеген жеңіліске ұшырады. "Этихад" стадионында лондондық "Тоттенхэм" 2:0 есебімен жеңіске жетті.
фото ашық дереккөздерден алынды
Ойын нәтижесі
Қонақтар сапынан Бреннан Джонсон 35-минутта есеп ашса, қосымша уақытта Жоао Палинья (45+2) гол соқты.
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов бұл кездесуде алаңға шықпай, қосалқы құрамнан бақылап отырды. Айта кетейік, бірінші турда "Вулверхэмптонға" (4:0) қарсы матчта ол 82-минутта ойынға қосылған еді.
Келесі матч
Хосеп Гвардиола шәкірттері келесі турда сырт алаңда "Брайтонға" қарсы ойнайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама