"Қайрат" – "Селтик" матчы билеттеріне қатысты кезекті ресми мәлімдеме
"Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикке" қарсы қарымта ойынға билеттерді сату тәртібі туралы ресми хабарлама жасады. Матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді.
Билеттерді қайдан сатып алуға бола ма?
Клуб жанкүйерлеріне билеттерді тек ресми арналар арқылы алуды ескертті:
- "Қайраттың" ресми сайты
- Ticketon платформасы
- Qairat SuperApp мобильді қосымшасы
Электронды билет жүйесінің ерекшелігі
Сайт пен Ticketon арқылы сатып алынған билеттердің электронды нұсқасы тек матч күні сатып алушының e-mail поштасына жіберіледі.
Qairat SuperApp қосымшасында көрсетілген QR-кодтар уақытша ғана. Шынайы бірегей код ойын басталуына бірнеше сағат қалғанда ғана пайда болады.
Әлеуметтік желілерде тараған скриншоттар мен суреттер жарамсыз болып саналады.
Алыпсатарлаға қарсы күрес
Клуб билеттердің заңсыз қайта сатылуын тіркеуде. Мұндай билеттердің бәрі автоматты түрде жарамсыз болады.
Стадионға кірерде стюардтар жанкүйерден ЖСН (ИИН) сұрап, билеттің түпнұсқалығын тексере алады. Егер сәйкестік болмаса, көрермен стадионға кіргізілмейді.
Матч күні құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, бақылау күшейтіледі.
Клубтың ұсынысы
"Қайрат" жанкүйерлерді билеттерді тек ресми арналардан алуға шақырады. Бұл – стадионға кедергісіз кірудің және алаяқтардың құрбаны болмаудың жалғыз жолы.