Реклама
Реклама

"Қайрат" - "Селтик" матчы алдында Алматыда жаңа стадион салынатыны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
26.08.2025, 13:15

Жаңа арена 35 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай болады. 

stan.kz

Алматыда 35 мың көрерменге арналған, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келетін жаңа халықаралық футбол стадионы бой көтермек. Жобамен қала әкімі Дархан Сатыбалды арнайы танысты.

Стадион ерекшеліктері

Дизайнерлердің айтуынша, жаңа арена тек негізгі ойын алаңымен шектелмейді. Жоба аясында:

  • Жаттығу алаңдары,
  • Жанкүйерлерге арналған демалыс орындары,
  • Заманауи қауіпсіздік жүйелері,
  • Кең көлемді абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, шамамен 15 гектар аумақта салынады. Бұл аймақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, жанкүйерлер мен қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасамақ.

Құрылыс мерзімі

Әкімнің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталады.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы дайындық жұмыстары жүргізіледі. Болашақта бұл жерде метро станциясы мен Алматы логистикалық хабы салу жоспарланып отыр», – деді Дархан Сатыбалды.

Орталық стадион сақталады

Сонымен қатар, 65 жылдан астам тарихы бар Алматыдағы Орталық стадион да қала спорт инфрақұрылымынан жоғалмайды. Ол жеңіл атлетика талаптарына сәйкес жаңғыртылып, спорт тарихының бір бөлігі ретінде сақталады.

Реклама
Реклама