Реклама
Реклама

Жаңа ойыншымен толыққан Қазақстан құрамасы Астанада жиналды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
29.08.2025, 22:00

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастап кетті.

instagram/@kff_team

Құрама толық жиналған жоқ, бірақ жаңа есім бар

Команда әзірге толық құрамда емес, алайда Астанада алғашқы жаттығуларын бастады. Ең басты жаңалық – ел құрамасына алғаш рет шақыртылған ”Ордабасы” клубының жартылай қорғаушысы Муроджон Халматов дайындық базасына қосылды.

Қайда және қашан ойнайды?

  • 4 қыркүйек – Қазақстан құрамасы Астанада Уэльспен кездеседі;
  • 7 қыркүйек (түнде 8-іне қараған) – сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайды.

Қазір Әли Әлиевтің шәкірттері үш матчта үш ұпай еншілеп отыр. Жалғыз жеңіс сырт алаңдағы Лихтенштейнге қарсы (2:0) ойында тіркелген.

Реклама
Реклама