Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әли Әлиев кетті, енді шетелдік маман келеді

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 14:48

ҚФФ енді жаңа жаттықтырушыны іздеуде және негізгі үміткерлердің арасында шетелдік мамандар бар.

KazFootball.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде Әли Әлиевті бас бапкер қызметінен босатты. Федерация дерегінше, қазір 5–6 кандидат қарастырылып жатыр. Олардың басым бөлігі – шетелдік мамандар. Жаңа бапкердің есімі алдағы уақытта жариялануы мүмкін. Бұл туралы Серый Кардинал телеграм-арнасы хабарлады. 

Әлиевтің отставкасы күтпеген жағдай емес. 8 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл матчтан кейін Әлиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеп:

«Жеңіліс үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бұл – менің кінәм. Футболшыларға еш айып тағуға болмайды», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Әлиевтің кезеңі

Әлиев 2025 жылдың қаңтарында ұлттық құраманың тізгінін ұстап, ресейлік Станислав Черчесовтің орнын басқан еді. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы барлығы екі жеңіс қана (соның ішінде Лихтенштейнге қарсы) және алты жеңіліс тіркеді. Команда тұрақты ойынымен ерекшелене алмады.

Шетелдік маман келе ме?

ҚФФ қарастырып отырған үміткерлердің ішінде еуропалық және түркі елдерінен бапкерлер бар екені айтылуда. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан құрамасының деңгейін көтеру үшін тәжірибелі шетелдік жаттықтырушы қажет.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары