Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Қайрат» – «Реал» матчы: Билет бағасы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
15.09.2025, 14:16

Билеттер ресми түрде сатылымға 23 қыркүйек күні шығады. 

DigitalBusiness.kz
Реклама
Реклама

23 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері ресми түрде сатылымға шығады. Баға диапазоны – 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ел тарихында алғаш рет «Қайрат» аты аңызға айналған «Реал Мадридпен» өз алаңында ойнайды.

Фото: fckairat.com

Әлеуметтік және клубтық квоталар

Билеттердің белгілі бір бөлігі дәстүрлі түрде арнайы санаттарға бөлінеді. 

  • «Қайрат» академиясы мен филиалдарының тәрбиеленушілері мен бапкерлеріне;
  • паралимпиадалық спорт түрлерінің өкілдеріне;
  • клуб қызметкерлеріне.

Алдын ала сатылым немесе броньдау туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды. Клуб жанкүйерлерді тек ресми арналар арқылы билет алуға шақырады.

Фото: fckairat.com

Абонемент иегерлеріне жеңілдік

Абонемент иелері өз орындарын тиімді бағада алдын ала сатып ала алады. Әрқайсысына жеке хабарланатын болады.

UEFA-мен келісілген баға саясатына сәйкес, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі барлық матчтарға билеттердің құны бірдей белгіленді: Атап айтқанда, әр билеттің құны 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Жанкүйерлер оны клубтың ресми сайты мен сату платформаларынан ала алады. 

Ескерту

Бір адамға екі билеттен артық берілмейді. ЖСН/паспорт деректері міндетті түрде көрсетіліп, стадионға кірерде мұқият тексеріледі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары