Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Қайрат» жанкүйерлері Анарбеков үшін клуб басшылығына наразы

Сарапшы, спорт журналисі
15.09.2025, 17:56

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ҚПЛ-дың 23-турында жақ сүйегін сындырып алды.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Жанкүйерлердің ашу-ызасы

Клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында ойыншыға «жедел сауығып кетсін» деген тілек жазғаннан кейін пікірлер тасқыны басталды.

Көптеген жанкүйер мұндай жарақат кездейсоқ емес, «Ақтөбе» футболшыларының дөрекі ойынының салдары деп есептейді.

Әлеуметтік желідегі пікірлер

Жанкүйерлердің жазғандары:

«Ертең «Ақтөбенің» фанаттары ұялмай «Реалға» қарсы ойында отырады».
«Судьялар жоқ сияқты болды, әлде бәрі Ақтөбеден келген бе?»
«Ақтөбе» өте дөрекі ойнайды. Мұндай ойыншыны мүгедек қылуы мүмкін».
«Ақтөбелік футболшылар халық алдында абыройын жоғалтты».

Басқа жанкүйерлер «Қайрат» басшылығы Анарбековті Мадридтің «Реалына» қарсы маңызды матч алдында қорғауы керек еді деп сын айтты.

«Үш күннен кейін Чемпиондар лигасы бар, Анарбековті неге шығардыңдар?»
«Қақпашыны сақтау керек еді. Неге ойнауға жібердіңдер?»

Сонымен қатар кейбір жанкүйерлер ойыншыны «көз тиді» деп топшыласа, басым бөлігі сауығып кетуін тіледі.

Клубтың ресми мәлімдемесі

Матчтан кейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин ойыншының жағдайына байланысты түсініктеме берді:

«Менің қолымдағы ақпарат бойынша Темірланның жақ сүйегіне зақым келген. Ол белгісіз мерзімге қатардан шығады. Жақын арада ол командаға Чемпиондар лигасы мен Қазақстан премьер-лигасында көмектесе алмайды», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық клуб негізгі қақпашы Александр Заруцкийден айырылған болатын. Ол да маусым барысында жарақат алған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары